» » Шымкентте қалалық аурухананың бас дәрігері ұсталды

Шымкентте қалалық аурухананың бас дәрігері ұсталды

Шымкентте №1 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері ұсталды. Белгілі трансплантолог, бірінші санаттағы хирург Абылай Донбай трансұлттық қылмыстық топқа қатысы бар деп күдіктелуде. Сонымен қатар, ол адам ағзаларын заңсыз алумен айналысқан деген болжам бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан ішкі істер министрлігі қалалық аурухананың бас дәрігері 18 қараша күні ұсталғанын хабарлады. Ол уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.

Хирургқа екі қылмыстық бап бойынша айып тағылуда. Тергеу жұмыстарының нәтижесіне сәйкес, болжам бойынша, ол трансұлттық қылмыстық топ мүшесі болып және адам ағзаларын заңсыз алумен айналысқан.

Тергеу Донбайдың бүйректерді алу және ауыстырып салу бойынша заңсыз оталар жүргізген деп есептейді. Ақ халатты жан Өзбекстан, Қырғызстан және Украина азаматтарына бүйрек салу арқылы ол аса ірі көлемдегі гонорар алып отырған көрінеді.

Бұл траснплантологқа қатысты Қазақстандағы бірінші шу емес.

Айта кетейік, осыған дейін нұр-сұлтандық белгілі трансплантолог ағзаны сатумен айналысты деп күдіктелген еді.

Ғани Құттымұратовқа бүйрек ауыстырып салу бойынша жеке-дара ем қабылдау жүргізді және тиісті істерді ұйымдастырып, отаға өзі қатысты деген айып тағылып отыр.
Ал оның жары Гүлшат Дәрібаева күйеуі бірнеше ай бойы тергеу изолторында жатқанын мәлімдеді.
ІІМ атап өткендей, қазіргі уақытта белгілі дәрігерлердің ісі аяқталуға жақын. Жуырда олар іс материалдарын сотқа жібермек.

kaz.nur.kz
20 қараша 2019 ж. 492 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930