» » Ғасыр дертіне айналған кесел

Ғасыр дертіне айналған кесел


Ғасыр дертіне айналған АИТВ туралы ақпараттың көптігіне қарамастан, індеттің қарқыны басылар емес.
Осы ретте оның алдын алу принциптерін ұғыну қиын емес екенін назарға салғымыз келеді. Бұл вирус адам ағзасының сұйықтығынан тыс жерде өмір сүрмейді. Тұрмыстық қарым-қатынаста да берілмейді. Әр адамның қорғалуға және өз жақындарына көмек көрсетуге мүмкіндігі бар.
АИТВ – адамның иммун тапшылығының вирусы. Ол адамның ағзасына түскен кезде аурулар мен инфекциядан қорғайтын ағзаның иммундық жүйесі бұзылады. Адамның иммун тапшылығының вирусы ретровирустар (Retroviridae) тұқымдасына, лентивирустар (Lentivirus) тұқымдасына жатады. Lentivirus атауы латынның lente – баяу сөзінен шыққан. Бұндай атау вирустың бұл тобының бірден бір ерекшелігін, яғни, микроорганизмдегі инфекциялық процестің баяу және біркелкі емес даму жылдамдығын көрсетеді. Лентивирус ұзақ инкубациялық кезеңдегі сипатқа ие. Вирус ағзаның барлық сұйықтығында және тіндерінде болады. Ағзадағы вирустың шоғырлану деңгейі бойынша бірінші орында: қан, лимфа, ұрық сұйығы, вагинальды секрет, ана сүті тұрғанын да білген дұрыс.
ЖИТС – жүре пайда болған иммун тапшылығының синдромы, аурудың соңғы, терминальды сатысы. АИТВ адам ағзасындағы оппортунистикалық аурулар дами бастағанда иммундық жүйені белгілі бір жағдайға дейін әлсіретуі мүмкін. ЖИТС диагнозы әдетте CD4+ лимфоциттердің бұзылуы салдарынан иммундық жүйенің үдемелі әлсіреуіне әкелетін, адамда бір немесе бірнеше өте қауіпті аурулар дамығанда, АИТВ жұқтырғаннан кейін бірнеше жыл өткен соң қойылады. Қазіргі таңда бар ретровирусқа қарсы терапия вирустың белсенділігін және иммундық жүйеге тигізетін зиянды төмендетуге мүмкіндік береді, осылайша АИТВ жұқпасының ЖИТС стадиясына өтуіне және дамуына кедергі келтіреді.
Тағы бір айта кетерлігі, қол алысқанда, құшақтасқанда, сүйіскенде, бір ыдысты қолданғанда, жөтелгенде, түшкіргенде, жәндік шағып алғанда бұл ауру жұқпайды.
Дегенмен, жақындық кезінде барынша сақ болған жөн. Сондай-ақ, косметикалық процедура (маникюр, педикюр, пирсинг, тату, құлақ тесу) кезінде теріні бүлдірмей, әрқашанда, зарарсыздандырылған, не бір рет қана қолданатын шприц және аспаптарды пайдалану керек. Тату, құлақ тесу сияқты процедуралар арнайы кабинетте жасалғаны дұрыс. Жеке бас гигие­насы құралдарын (қырыну, маникюр ) жеке пайдалану қажет.

Айман БЕКНИЯЗОВА,
Жалағаш аудандық психо-әлеуметтік кабинет дәрігері.
23 қараша 2019 ж. 821 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930