Атырауда жұқпалы инфекцияның салдарынан 14 нәресте көз жұмған: Тексерістің жаға ұстатарлық нәтижелері анықталды
Атырауда жұқпалы инфекцияның салдарынан жаппай 14 нәресте көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі Еуразия 1-арнасына сілтеме жасап.
Атырауда 2 ай ішінде өмірге сау болып дүниеге келген 14 нәресте жұқпалы инфекцияның кесірінен шетінеп кеткен. Олар жұқпалы инфекция өршігіп тұрған перзентханалардың бірінде дүниеге келген. Перзентханада анықталған өрескел қателіктердің саны өте көп. Бір қолдануға болатын заттарды қайта пайдалану, желдету жүйесінің істен шығуы және қолды жууға арналған сұйықтыққа су қосу тағысы тағы бар.Жалпы, атыраулық перинаталды орталығында 25 нәресте жұқпалы аурулардан көз жұмған, олардың 11-інің өз себебі бар екен. Нәрестелердің жаппай қырылуы денсаулық сақтау министрлігін алаңдатып, тексеріс барысында анықталған сәбилердің өліміне себеп болған жағдай айтылды.
"Дәрігерлер тарапынан сәбилердің өліміне себеп болған жағдайлар анықталды. Олар бір ауруға басқа диагноз қойған", - деді денсаулық сақтау министрлігінің тауар сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова.
Атырауда жаппай нәрестелердің өлуі жайлы жаңа туылған бір сәбидің өлімінен кейін ашық айтыла басталды. Бұл жағдайды жемқорлыққа қарсы комитет анықтапты. Пара алды деген күдік бойынша тексеріс жүргізген олар перзентханадағы сұмдық оқиғаның себебін анықтаған. Ең сорақысы, құжат бойынша ғана көз жұмды деген нәресте тірі кезінде мұздатқыш камерасына салып қойған. Қызметкерлер бастапқы құжатты қайта толтырғылары келмеген көрінеді.
Дәрігерлердің айтуынша, перзенханадағы бактериялар мен вирустың тарауына тұстастай төтеп беру мүмкін емес, алайда оның алдын алуға жағдай жасаса болады. Ол үшін перзентханадағы қарапайым тазалық гигиенасын сақтау қажет. Ал нәрестелер көз жұмып отырған мекемеде бұның өзі қолға алынбапты.
Тексерісті қолға алған мамандардың сөзінше, мекемедегі қызметкерлер бір орамалмен қолдарын сүртіп отырған. Қағаз орамалдар қолданылмаған. Бұған қоса нәрестелер қосылған жасанды тыныс алу аппараттары дезинфекциялаудан мүлдем өтпеген, қызметкерлер құрылғыны жуып, келесі жолы тағы қолданып жүрген. Оның үстіне қол жуу сұйықтығын үнемдеу мақсатында оған су араластырыпты.
Сәбилер жаппай қырылған перзентхананың жұмыскерлері оқиғаға байланысты алаңдап, дабыл қағудың орнына бұл жағдай жайлы тіс жармауды жөн көрген.
Бұған дейін Атырау облысында 9 айда 156 нәресте неден шетінегені айтылған еді.
stan.kz