» » Қарағандыда автобусты безендірген кондукторға сый берілді

Қарағандыда автобусты безендірген кондукторға сый берілді

Қарағанды қаласында №70 автобустің ішін жаңа жылға қарай безендірген оның кондукторына әйелдердің киім дүкені сыйлық жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Қарағанды онлайн" парақшасына сілтеме жасап.

 


Кондуктор Ольга Егорова күтпеген жерден қуанышты хабар естігенде өте мәз болғанын жеткізді. Ол №3 автопаркінде бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келеді екен. 

Бірнеше күн бұрын ол өзі қадағалайтын автобустың ішін жаңа жыл қарсаңында әшекейлеуді жөн көріпті. Бұған таңқалысқан жолаушылар кондуктор бұл әрекетімен олардың көңілдерін көтеріп, жаңа жылды мерекесін сезінуге септігін тигізді деп айтқан. 

Осыған байланысты жергілікті "Шифонер" әйелдер киімінің дүкен басшысы Зарина Сүндеталиева Ольгаға жаңа жылға сыйлық жасаймыз деп шешіпті. Ол әйелде әдемі көйлек пен спорттық киім табыс етіпті.

Ольганың сөзінше, ол осымен үшінші жыл қатарынан автобусты безендіріп келе жатқан көрінеді. Автобусты жаңа жылға байланысты түрлі-түсті жолақтар мен жабдықтарға ақшаны өзі шығарады екен. 

"Мен үйде өте аз боламын, көп уақыттым автобуста кетеді. Сол себепті жаңа жыл меркесін сезінгім келеді. Жұмыстан шаршап шыққан жолаушылар автобустың ішін көргенде еріксіз қуанып жатады", - деді Ольга, 

Бұған қоса, оның бұл ісіне біреу сыйлық тарту ететіндігін мүлдем ойламағандығын айтып, киім дүкенінінің ұжымына алғыс айтты. 

 






25 желтоқсан 2019 ж. 437 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 724

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031