ІІМ ұшақ апатына себеп болған үш жағдайды атады
ІІМ Ерлан Тұрғымбаев Bek Air ұшағының құлауына себеп болған 3 жағдайды атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қазір ІІМ-нің тергеу тобы Алматы болған апаттың салдарын зерттеуде. Қазіргі кезде апаттың болуына себепші 3 жағдай қарастырылуда. Бірінші жағдай: экпипаждың қателігі. Екінші жағдай: әуе кемесінде техникалық ақаудың болуы. Үшінші жағдай: бағыт-бағдар беруші қызметтің қателігі", - деді министр.
Шенеунік ұшақ құлаған жерде тексеру жұмыстары әлі жүргізіліп жатқандығын қосты.
"Қазіргі таңда әуе бортының қалдықтары жинастырылып, оқиға орнында тексеру жұмыстары жалғасуда. Лайнердің қалдықтары әуежайға жеткізіліп, сарапқа салынатын болады", - деп аяқтады сөзін Тұрғымбаев.
stan.kz