» » Темір-терсекке әуестігі 13 жасында ашылған: Ақтөбеде 24 жастағы ару жүк көлігін жөндеп жүр

Темір-терсекке әуестігі 13 жасында ашылған: Ақтөбеде 24 жастағы ару жүк көлігін жөндеп жүр

Ақтөбеде 24 жастағы Алина есімді бойжеткен  қалтасында екі бірдей қызыл дипломы болса да, жүк көліктерін жөндеп нәпақысын тауып жүр екен. Жасап жүрген ісі мен табиғаты тіпті үйлеспейтініне қарамастан, аруға өз кәсібі ұнайтын көрінеді. Бұл ісіне


ол намыстанбайды. 13 жасынан темір-терсекке үйір Алина әкесімен жүк көліктерін жөндеп жүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. 


Нәзік саусақтарымен станокты шыр айналдырып, шеберхана ішіне сұлу жүзімен шуақ шашқан бұрымды Ақтөбе қаласының тұрғыны екен. Кейбір ер азаматтың өзінің қолынан келе бермейтін кәсіпті Алина есімді бойжеткен ұршықша иіріп жүр екен. Күнде сағат тоғыздан алтыға дейін жұмыс істейтін бойжеткен көліктің темір-терсектеріне 13 жасынан бастап әуестеніпті. Оның бұл іске деген сүйіспеншілігін әкесі ашқан сыңайлы. Қызының техникаға икемі бар екенін байқаған Алинаның әкесі оның сұрақтарына байыппен жауап беріп, кәсіпке баулыпты. Бойжеткен қаржыгер мамандығына түсіп, оқып та алған. Дегенмен жүк көліктерін жөндеуден өткізу оның сүйікті кәсібіне айнлалған. 

"Темір-терсекке кірісіп едім, бұл да соңымнан қалмады. Менімен бірге келіп жүріп, техникумды да бітіріп алды. ЖОО-да білім алып, қызыл дипломға ие болды. Соның өзінде темір-терсекті жақсы көріп, шыға алмай жүр енді", - дейді Алинаның әкесі Өмірбай Қалыбайұлы. 

Үлкен камаздардың моторларын шашып тастап, оны қайта жинау Алинаға түк емес. Оны бірге жұмыс жасайтын әріптестері де мақтанышпен айтты. Алина өлшеу аппаратымен қоса, үлкен техникалық станоктардың тілін де білетін көрінеді.

Кейбір кезде көлігін жөндетуге келген азаматтар аруды көрген сәтте абдырап қалатын кездері де болады екен. Дегенмен мұндай жағдайға Алина қамықпаймын дейді. Бұл адамдарға бойжеткеннің әріптестері олардың өздеріне қарағанда қыздың шебер екендігін айтып түсіндіріп жатады екен. 

Жастарды бұл кәсіпке баулығысы келетін Алина автоколледж студенттерінің жалқау екендігін жасырмады. Алдағы уақытта ол көлік жөндеу орталығындағы құралдарды жаңартып, орталықты кеңейткісі келетіндігін айтты. 

stan.kz
30 желтоқсан 2019 ж. 356 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 769

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930