» » "Шешім қабылданған жоқ": Сапарбаев зейнетақыны жұмсау ұсынысы жөнінде айтты

"Шешім қабылданған жоқ": Сапарбаев зейнетақыны жұмсау ұсынысы жөнінде айтты

Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қазақстанда зейнеткерлікке шықпай тұрып, зейнетақы жинағын жұмсау жөніндегі ұсыныстың мән-жайын баяндады – ол қазіргі уақытта ұсыныстардың бірі президент әкімшілігінде қаралып жатқанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сапарбаев зейнетақыны жұмсау мүмкіндігі жинақтың жалпы мөлшеріне байланысты екенін тағы бір түсіндіріп өтті.

"Біз барлық қазақстандықтарға қартайған шағында жақсы жағдай жасаумыз қажет. Адам зейнетке шыққанда, жақсы өмір сүруі үшін оның шотында жеткілікті қаражат болуы тиіс", – деп мәлімдеді ол.

Вице-премьер қаражатты жұмсау үшін зейнетақы жинағында 10-12 млн теңге болуы керек екенін атап өтті. Мұндай соманы жинағандар саны елімізде жүз мыңнан сәл ғана асады.

Сапарбаевтың айтуынша, үкімет президенттің зейнетақы жинағын жұмсау туралы бастамасынан кейін бірінші кезекте қаражатты "баспана алуға жұмсау" жөнінде ұсыныс білдірді.

Екінші маңызды ұсыныс – бұл қаражатты еліміздің тегін медициналық көмегінде қарастырылмаған ауруларды емдеуге немесе әлеуметтік-медициналық сақтандыру саласында жұмсау.
Қазіргі уақытта бұл ұсыныс президент әкімшілігінде қаралып жатыр, әзірге түпкілікті шешімі жоқ.

"Шешім қабылданған жоқ – ол туралы қосымша хабарлайтын боламыз", – деді вице-премьер.

Ол Қазақстанның зейнетақы жүйесіне тек 20 жыл болғанын, ал үкімет бұл салада 60 жылға жуық тәжірибесі бар Сингапурдың жұмыстарын қарастырғанын жеткізді.
Еске сала кетейік, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинағын баспана мен білім алуға жұмсауға мүмкіндік беретін нақты тетіктер желтоқсан айында жарияланатынын мәлім еткен болатын.
Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Ұлттық банкпен бірлесе отырып қазақстандықтардың зейнетке шықпай тұрып зейнетақы қорындағы қаржыны қолдана алу мүмкіндігін іске асыратын бағдарламаны ойластыруды тапсырған еді.

kaz.nur.kz
09 қаңтар 2020 ж. 441 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 769

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930