» » Қудаланған жағдайда жұмыстан шығып қалмаудың 13 жолы

Қудаланған жағдайда жұмыстан шығып қалмаудың 13 жолы


Біз Сіздің еңбек құқығыңыз бұзылса, қорғанудың 13 жолын білеміз.
Жұмыстан шығару, қудалау, егерде Сізге тәртіптік жаза ілініп немесе Сізде себепсіз жұмыстан шығарылатын мәселеңіз болса, келесі әрекеттерді жасауға ұсыныс береміз.

Сотқа дейінгі шешім

1. Еш уақытта «Түсініктеме» құжатын жазып, оған қол қоймаңыз, өйткені жұмыс беруші, жұмыскерге жазаны тек түсініктеме жазылып қойған кезде ғана іле алады. Болған оқиғаға қатысты тек «Баяндау» құжатын жазып беріңіз, ол сізді үстіңізден жаза ілүден сақтап қалады.

2. Есте сақтаңыз, жұмыс берушінің Сізге қатысты кез келген актісі (тәртіп жаза ілү, басқа жұмысқа, аумаққа аудару, еңбек келісім шартын бұзу және т.б.) бұйрық ретінде шығарылу керек. Бұйрық шыққан кезден бастап, 3 күннің ішінде жұмыс беруші Сізді ол құжатпен қолыңызды қойғызып, таныстыру керек. Егерде Сіз айтылған мерзімде бұйрықпен таныспасаңыз, онда бұйрық заңды емес деп саналады.

3. Егерде Сіз жұмыс берушінің актісімен (бұйрығымен) келіспесеңіз, онда ол құжатпен танысқан кезде, өзіңіздің келіспегеніңізді айтыңыз. Бұйрыққа «Бұйрықпен таныстым» дегенді жазбаңыз. Керсінше, «Бұйрықпен келіспедім» дегенді жазып, ол келешекте Сізге шығарылған бұйрықты шағымдануға мүмкіндік береді.

4. Бұйрыққа қол қоюдан бас тартпаңыз, өйткені жұмыс беруші бас тартқан туралы акт жазып, бұйрықты пошта арқылы Сіздің тұратын мекен-жайыңызға жіберу мүмкін.

5. Бұйрықтың көшірмесін Сізге дәл сол жерде беруді талап етіңіз (екінші экземплярын). Егерде Сізге бұйрықтың көшірмесін бермеген жағдайда, Бұйрықта құжаттын көшірмесін бермеді деп жазыңыз. Бұйрықты тек қолыңызға берген мезгілмен (ай/күн/жыл) белгілеңіз.

6. Егерде Сіз бұйрықты пошта арқылы немесе басқа жолмен алсаңыз, жұмыс берушуге Бұйрықты алдым, (алынған мерзімді жазыңыз) бірақ келіспедім деп, жауапты хат жіберіңіз. Хабарландыруға Бұйрық көшірмесін, және оған Сіздің келіспегеніңізді білдіретін қолыңызды қойып, ескерту беретін тапсырыс хатпен пошта арқылы жұмыс берушуге жіберіңіз.

7. Егерде Сіз жазаға ұшырап, жұмыс беруші еңбек келісім шарттын үзіп, немесе басқа құқықтарыңызды бұзып жатса, онда келесі мекемелерге арыз жазып хабарласыңыз:

а) Өзіңіздің кәсіподағыңызға;
ә) Мемлекеттік еңбек инспекциясына;
б) Кәсіпорынның келістіруші комиссиясына;
в) Прокуратураға;
г) Тәуелсіз құқыққорғау және қоғамдық мекемелерге.

8. Біліңіз және есте сақтаңыз, Сіз кәсіподақта бар-жоғына қарамай, Сізге барлық кәсіподақтың өкілетінің және жұмыс берушінің арасындағы ұжымдық шарттардың нормалары таралады, сондықтан келістіруші комиссиясына бару Сіздің толық құқығыңыз бар. Жұмыс беруші Сізбен еңбек шарттын үзу туралы актісін қолыңызға берген кезде, Сізде келістіруші комиссиясына арыздану тек бір айыңыз бар.

9. Егерде Сіз кәсіподақтың мүшесі болған кезде, онда кәсіподақ мекемесі жұмыс берушіге бұйрықты жою туралы, өтініш хат жазуды сұраңыз. Егерде әлеуметтік әріптестік ретінде жұмыс беруші үш жақты келісімге қолын қойған кезде, және келісім нормалары бұзылған кезде, Кәсіподақтан әлеуметтік әріптестіктік үш жақты комиссиясына шағымданғанды талап етіңіз.

10. Міндетті түрде, кәсіподаққа берілген арызға қарамай, Мемлекеттік еңбек инспекциясына (МЕИ) арызданыңыз. Ол мекеме еңбек құқықтарына байланысты ресми және құзыретті (экспертті) орган деп есептеледі. МЕИ шығарған тұжырым, сотпен эксперттік тұжырым деп есептеледі.

11. Сіз бұзылған құқықтарыңызды қалпына келтіруге барлық мүмкіндіктеріңізді пайдаланып, бітірген кезде ғана сотқа талапты арызбен барып, жұмыс берушінің бұйрығын жоюға арызданыңыз.
Сот

12. Есте сақтаңыз, жұмысты бұрыңғы қалпына келтіру даулы мәселелер бойынша келіспеушіліктерді шешу кезінде келістіруші комиссиясының шешімін қолыңызға берген уақыттан бастап, Сізде тек екі ай ғана бар, немесе оның шешімін еңбек шартына қатысты орындалмаған кезде; басқа да еңбек даулары бойынша –Сіз немесе жұмыс беруші өз құқықтарын бұзылғанын туралы білген күннен бастап, бір жыл.

13. Кәсіподақ ұйымынан сотқа жүгінген кезде сізді сотта қорғауды қамтамасыз ету туралы талап етіңіз. Кәсіподақ сізге адвокат немесе тапсырыс өкілін беруге міндетті.

http://nukte.kz/p/2784
06 қаңтар 2018 ж. 1 437 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 680

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031