Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға қайтаруы мүмкін
Есірткі контрабандасы үшін айыпталып, Қытай түрмесінде өмір бойына сотталған қазақстандық студент Ақжарқын Тұрлыбай жазасын өтеу үшін отанына қайтарылуы мүмкін.
Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сотталушының адвокаттары хабарлады.
«Қазіргі уақытта сот үкіміне қорғаушы шағым түсірді. Ақжарқын Тұрлыбайға Қазақстанға оның тәртібінде, мерзімінде және тиісті өтініш бойынша берілу құқығы берілді», - дейді адвокаттар.
Айта кету керек, Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты сотталған адамдарды беру туралы Қазақстан мен Қытай арасындағы келісімге сәйкес жазаны орындау үшін Қытайдың юрисдикциясынан отанына ауыстыруды қолдануға болады.
Айта кетсек, Қытай соты есірткі контрабандасымен айналысты деген күдікпен түрмеде отырған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты өмір бойына бас бостандығынан айыру үкімін күшінде қалдырған болатын.