» » Нұр-Сұлтан тұрғыны 40 минут бойы суық судан шықпай, жаңа рекорд орнатты

Нұр-Сұлтан тұрғыны 40 минут бойы суық судан шықпай, жаңа рекорд орнатты

Есілдің суында 40 минут отырып, рекорд орнатқан нұр-сұлтандық тұрғынды дәрігерлер алып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

cу

Қайырбек Аяшев есімді азамат бұған дейін де сақылдаған сары аязда жұқа киіммен жүріп, жұртты таңқалдырыпты. Суыққа денесі үйренген ол дәрігерлердің сөзіне құлақ аспай, Есілдің суына түскен. Ол тастай судан 40 минут бойы шықпай, жаңа рекорд орнатыпты. 

«Судың тепературасы 2-3 градус болып тұр. Мұндай жағдайда адам ағзасы 10-15 минутқа шыдайды. Егер одан асып кетсе өлім қаупін тудыруы мүмкін. Судан шыққан кезде оны бірден жылы жерге кіргізуге болмайды. Арты қайғылы жағдайға ұласуы мүмкін. Сондықтан салқындау жерде 5-10 минуттай ұстау қажет. Артынан кішкене шай беріп, біртіндеп бойын жылыта бастаймыз», – дейді фельдшер Әділбек Жиенбаев.


Өткен жылы Қайырбек Аяшев суық суда 35 минут минут шықпаған, биылғы жылы ол өз рекордтын жаңартыпты. 


Дегенмен бұл жағдай дәрігер мамандардың қорқынышын тудырғандықтан, суық су сүйер азамат ауруханаға жеткізілген. 


«Арнайы дайындықсыз қыстың қақ ортасында суға түсе салуға болмайды. Мұның соңы сіңірдің тартылып, дененің жансыздануына әкелуі мүмкін. Жүрекке де үлкен салмақ түседі. Сондықтан кемінде 2-3 апталық дайындық қажет. Ал бір рет ғана түсудің денсаулыққа пайдасынан гөрі зияны көп», – деді қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары Руслан Сатыбалдиев.

20 қаңтар 2020 ж. 390 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 769

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930