Бұрын 3 теңге болса, қазір 5.5-ке өсті: Қырғыз валютасы неге құнды?
Экономикамыз бірнеше одақ бойынша көрші елдермен тығыз байланыста. Дегенмен жерасты қазба байлықтары жоқ Қырғыз елінің ұлттық валютасымен салыстырғанда теңге неге өз құнын сақтап қала алмайды? Stan.kz тілшісі танымал экономистерден себебін сұрап көрді.
Теңге мен рубль бағамының тұрақсыз болуы қырғыздың сомына неге әсер етпейді?
"Қырғыздың экономикасының қуаттылығы біздің Алматы қаласынікімен бірдей. Экономикасы қуатты емес. Оның үстіне қырғыздың сыртқы экспорттық-импорттық операциясы Қазақстанмен салыстырған анағұрлым аз. Қырғыздың сомына деген резиденттердің жоқтың қасы. Қазақстанның теңгесіне сұраныс көп. Демек, теңгенің бірде жоғарылауы, бірде төмендеуі тікелей өндіріс пен сыртқы алыс- беріске байланысты", - деген экономист Илияс Исаев теңгенің құнсыздануына себебі көп екенін айтады.

"Бізде ішкі өнім жоқ. Халық көп тұтынатын тауарларды көп жағдайда сырттан әкеліп жатамыз. Ол долларға деген сұранысты артырып, қымбаттауына соқтырады. Қымбатшылық теңгенің құнсыздануына алып келеді. Құнсызданған ақшадан халық та қаша бастайды", - дейді экономист.
Теңге бағамының тұрақсыздығын, сомның құнды болуын Исаев былай деп түсіндіреді.
"Қырғызды байытып отырғандар Ресейде, басқада елдерде жүрген гастербайтерлер. Сомға сыртқы елдерден сұраныс болмаған соң, тұрақты, құнды сияқты болып көрінеді. Сондықтан Қырғыз елінің экономикасы біздікінен мықты деуге негіз жоқ", - деген Илияс Исаев сомның қазіргі жағдайын "тұрып қалған сумен" салыстырды.
Көпшілік арасында айырқалпақты ағайындыларымыздың валютасы құнды, экономикасы да бізден мықты деген пікір бары жасырын емес. Шындығында солай ма? Теңге төмен құлдырағанда сом неге тұрақты "тағынан" түспейді? Экономист Оразалы Сабденнің өз уәжі бар.
"Ресейдегі санкция Қазақстанға тікелей әсері бар. Біздің экономикамыз басқа елдермен салыстырғанда Ресеймен тығыз байланыста. Біз оған "көгіндеулі қозы" сияқтымыз. Ал қасқыр санкция болып тұр. Қырғыз бен өзбектің экономикасы біздікі сияқты мұнайға, газға, қазба байлыққа тәуелді емес. Қырғыз бен қазақ экономикасының арасы жер мен көктей. Біздің байлығымыз өте көп. Бірақ әңгіме кімнің ақшасы көптігінде емес, оны дұрыс басқару жүйесінде. Оларда бізге қарағанда басқару жүйесі дұрыстау", - деген Оразалы Сәбден көрші елден үйренеріміз көп екенін айтады.
"Қырғыздар - өзі аз ғана халық. Соның өзінде көп қырғыз өзге елде жұмыс істейді. Олар тапқан ақшаларын босқа шашып жатқан жоқ, еліне әкеліп жатыр. "Орыстан білім-ғылым үйрен, ал өзбек, қырғыз, татардан сауда-саттықты, қолөнерді үйрен", - деген Ұлы Абайдың айтқандары дәл келіп тұр", - деп ұлы ақынымызды ұлықтаған сарапшы халықты жалқауланбай, ішкі өнімді дамытуға шақырды.
Дайындаған: Жанна Мәлік

stan.kz