» » ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ БАҒЫТТА ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗУДЕ

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ БАҒЫТТА ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗУДЕ


 Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметі кәмелетке толмағандар арасындағы  қылмыстылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында бекітілген кестеге сәйкес 2018 жылдың 27 ақпан мен 6 наурыз аралығында қала және аудан орталықтарындағы 29 орта білім беру орындарындағы студенттермен   кездесу жиынын өткізуде.
    ОІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша аталған жиынға облыстық білім басқармасы, облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселерін зерттеу орталығы, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің өкілдері де қатыстырылуда.
    Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің ата-анасының немесе заңды өкілінің еріп жүруінсіз  беймезгіл уақытта  жүруін тоқтату, өзге де заң бұзушылық әрекеттерге баруының алдын алу, қылмыстың объектісі немесе субъектісі болуының жолын кесу бағытында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.
    Бүгін, 2018 жылғы 27 ақпанда ОІІД Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары полиция полковнигі Қуаныш Шүкіров қала орталығындағы  И.Әбдікәрімов атындағы  аграрлы-техникалық, М.Мәметова атындағы гуманитарлық, И.Қазанғап атындағы музыкалық колледжінде болып, студенттерге арнап кәмелетке толмағандар арасында жиі орын алатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы баяндама жасап, арнайы әзірленген бейнероликтер көрсетті. Сонымен қатар, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаларда көзделген жауапкершіліктер толық қамтылған жадынамалар таратылды.
    Бұл бағыттағы жұмыстар барлық білім беру ұйымдарында кестеге сәйкес  жалғасуда.




28 ақпан 2018 ж. 1 067 0