» » Ағзаға омега-3 жетіспеуінің 5 белгісі

Ағзаға омега-3 жетіспеуінің 5 белгісі

Құрғақ тері Тері ылғалды жақсы сақтау үшін және ұзаққа дейін жас болып қалу үшін оған омега-3 майлары керек: олар жасуша қабырғаларының құрылымына кіреді. Олардың деңгейі жоғары болған сайын тері қоректік заттарды жақсырақ сіңіреді және улы заттардан жылдамырақ құтылады. Яғни, ағзадағы майлы қышқылдардың деңгейі қаншалықты жоғары болса, тері жағдайы соншалықты жақсы әрі сау болады. Ал егер майлы қышқыл жетіспесе, бірден тері құрғақтығы пайда болады. Әлсіз шаш Егер жылтыраған шашпен және қанық шаш түсімен мақтана алмасаңыз, сізге омега-3 жетіспеуі әбден мүмкін. Себебі бұл майлар шашыңызды қатайтады, шаш түсуінің алдын алады және бас терісі жағдайын жақсартады. Сынғыш тырнақ Тырнағыңыз сына бере ме? Маникюріңіз ұзақ тұрмай ма? Тырнағыңыз өте жұмсақ болып бара ма? Күмән жоқ, сізге омега-3 қажет. Балық майын ішіп көріңіз, ол ағзаға жылдам сіңеді. Тырнақты қатайтатын процедуралар Нашар ұйқы Оксфорд университетінің ғалымдары ағзасында омега-3 майлы қышқылы жеткілікті адамдардың ұйқысы қатты және қанық болады деген шешімге келген. Ал майлы қышқылдар тапшылығымен қиналатын адамдарда ұйқы мәселесі орын алатындығын байқаған. Бірақ бұл омега-3 қосымшасын жатарда ұйықтататын дәрі ретінде ішу керек деген сөз емес. Керісінше, оны таңертең ішкен жөн, сол кезде күні бойы өзіңізді қуатты сезініп, кешкісін жеңіл ұйықтайсыз. Буындардың ауыруы Омега-3 майлы қышқылдары – буындар ауруын жеңілдетуге көмектесетін қабынуға қарсы жақсы құрал. Егер бұл мәселеге уақытында көңіл бөлсеңіз, буындар мен тіндерді бұзатын процестерді тоқтата аласыз. Құрамында омега-3 майлы қышқылдары көп азық-түлік: - скумбрия; - сардина; - соя сабақтары; - грек жаңғағы; - албырт; - жұмыртқа; - майшабақ; - чиа дәндері; - асжапырақ (шпинат); - зығыр дәндері; - брюссель қырыққабаты; - устрица.
Ағзаға омега-3 жетіспеуінің 5 белгісі
Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/60358
25 қаңтар 2020 ж. 420 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 692

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031