Жамбыл облысында бір қожалықтың 200-ден астам қой мен ешкісін қасқыр қырып кетті
Жамбыл өңірінде қорадағы малға қасқыр шапты. Бұл жолы түз тағысы бір қожалықтың 200-ден астам қой мен ешкісін қырып кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Хабар 24"-ке сілтеме жасап.
Оқиға Талас ауданы Қызыләуіт ауылы маңындағы болған.
"Хабар 24"-тің хабарлауынша, кадрлардан бірнеше адамның қора ішінде малдың терісін сыпырып жатқанын көруге болады.
Малдың иелері таланған қойлардың жартысын сойып үлгерген, арам қатқандарын өртеп жіберіпті. Келген шығын әлі есептеліп жатыр.
Қазір төңіректегі ауыл тұрғындары шығынға батқан шаруаға "жылу" жинауды бастап кеткен көрінеді.
Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында тұрғындар ашыққан түз тағылары жайылымдағы төрт түлікті қойып, қораларға түсе бастағанын хабарлаған еді.
Мәселен қыс түскелі Нұрбақыт Сейтқали есімді шаруаның қорасына жыртқыш бірнеше рет шабуыл жасап, 15 шақты қойын жеп кеткен.
Сондай-ақ, Талас ауданындағы Майтөбе ауылының маңында бірнеше жылқы ит-құсқа жем болған.
Сонымен қатар таяуда WhatsApp мессенджерінде Нұр-Сұлтанды қасқырлар торуылдап жүр деген ақпарат тараған болатын.
Алайда елорда әкімдігі бұл хабардың жалған екенін, желіде тараған видео астанада түсірілмегенін мәлімдеді.
kaz.nur.kz