» » Қарағандыда қар тазалайтын көліктің жүргізушісі ер адамның мәйітін тауып алды

Қарағандыда қар тазалайтын көліктің жүргізушісі ер адамның мәйітін тауып алды

65 жасар жүргізуші көлігімен қар құрсауында қалған.


Қарағандыда қар тазалайтын көліктің жүргізушісі ер адамның мәйітін тауып алды


Бүгін таңертең Қарағанды қаласынан «Сарыарқа» әуежайына баратын жолда 65-жасар ер адам көз жұмды, деп жазады ҚазАқпарат.

28 қаңтарда таңертең әуежайдан Қарағандыға баратын жолда 65 жастағы ер адам көз жұмды. Бұл туралы полицияға және жедел жәрдем қызметіне қар тазалайтын көліктің жүргізушісі хабарлаған.

«Оқиға туралы хабарлама бізге сағат 10.45-те қар жинайтын техника жүргізушісінен келіп түсті. Жолда қар құрсауында тұрып қалған Hyundai автокөлігінің 65 жасар жүргізушісі темір тұлпарын қардан алып шыққан соң, көлігінен шығып, оқиға орнында көз жұмған. Ол машинадан шыққан бетте өзін нашар сезініп, сол жерде ес-түссіз құлап түскен. Азаматтың өлімінің себебін сарапшылар анықтайды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

29 қаңтар 2020 ж. 386 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 137

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930