» » 57 миллион теңгені қалтасына басқан: Қызылордада алаяқтық жолмен ақша өндірген қаржы пирамидасының басшысы ұсталды

57 миллион теңгені қалтасына басқан: Қызылордада алаяқтық жолмен ақша өндірген қаржы пирамидасының басшысы ұсталды

Қызылордада қаржылық пирамида құрып, алаяқтық жасаған қала тұрғынын полицейлер құрықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ватсап

Бұл туралы Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

2019 жылдың ақпан айында Қызылорда қаласының тұрғыны К.М «WhatsApp» желісі арқылы «Миллион инвест» атты чаттық қаржылық (инвестициялық) пирамида құрып, оған басшылық етіп, бірнеше рет, аса ірі мөлшердегі (57 707 177 теңге) ақшаны тарта отырып, ауыр санаттағы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған.

Орын алған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен (қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді.

Тергеп-тексеру барысында полиция қызметкерлерінің кәсіби біліктілігінің, олардың біріккен жүйелі жұмыстарының нәтижесінде күдіктінің қылмыстық іс-әрекеті толық дәлелденді. Нәтижесінде, қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды.

Сот процесінде күдікті өзі жасаған қылмыстық іс әрекетін толық мойындап, келтірілген шығынды жәбірленушілерге өндіруде.

23 желтоқсан 2019 жылғы Қызылорда қалалық №2 сот шешімімен айыпталушы 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, сот жәбірленушілерге келтірілген шығынды заңмен белгіленген тәртіппен өтеуді міндеттеді.

Бүгінгі күні соттың үкімі заңды күшіне енді.

stan.kz
30 қаңтар 2020 ж. 377 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930