» » Қызылордада медициналық бетперде тапшылығы жоқ

Қызылордада медициналық бетперде тапшылығы жоқ

Қызылорда облысында тұмаудан қорғануға арналған бетперде тапшылығына байланысты дабыл қағуға ешқандай негіз жоқ.
Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары осындай мәлімдеме таратты, деп хабарлайды.
Соңғы уақытта Қытайда коронавирустың шығуына байланысты аймақта барлық қауіпсіздік шараларына назар аударылып отыр. Осы мақсатта департамент мамандары медициналық бетперделердің облыстық дәріханаларда болуына күн сайын мониторинг жүргізіп келеді. Бүгінгі күні Қызылорда облысының дәріханалық қоймалары және дәріханаларында оның 165 мыңнан астам қоры бар.
«Соңғы уақытта тұрғындар тарапынан оған сұраныс күрт артты. Сол себепті фармацевтикалық ұйымдар арқылы оған қосымша сұраныс жасалды. Қазірге дейін оның жартысына жуығы жеткізілді. Департамент өз құзыреті шегінде тек дәрілік заттардың бағасын мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады. Бетперделер медициналық бұйым, сондықтан оның бағасы мемлекет тарапынан реттелмейді. Осы орайда тұрғындарға дәріханаларда бетперденің болмауына қатысты дабыл қағуға ешқандай негіз жоқ екендігін хабарлаймыз», - деді Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы Нұрбек Әділханов.

Әділет ТАЛАПТАН
01 ақпан 2020 ж. 781 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 203

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031