20.02.2020: Ерекше датада өмірге келген сәбилер қандай болмақ
Қазақстанда неке қию үшін eGov порталы арқылы бір ай бұрын өтінім тастап, қажетті күнді таңдау керек. Бұл ерекше күн жексенбі күніне түсіп тұрғандықтан, елімізде бірде бір жұп дәл бүгін некесін қия алмайды.
Ал басылымның жазуынша, 2020 жылдың 20 ақпанына eGov порталы арқылы 255 өтініш тіркелген.
Нумеролог Виктори Данның айтуынша, ақпан айы ерекше ай.
"Бұл ақпан айында туылғандар мен неке қиғандар аналық, рақымдық, қарапайымдылық, рухтандырушылық энергияларын алады дегенді білдіреді", - дейді маман.
2020 жылдың 20 ақпанында сәбиі өмірге келген отбасылардың өмірінде махаббат жағынан да, қаржылық жағынан да өзгерістер болады.
"Күн бес карта арқылы бейнеленген. Бұл еркіндік картасы, өзгеріс, қозғалыс картасы. Осы күні туылған адамдарда осы энергиялар болады", - деді виктори дан.
Айта кетсек, бұған дейін Түркістан облысында он сегіз жастағы қыз өмірге үшем алып келгені хабарланған.
kaz.nur.kz