» » Қазақстандықтар 31 наурызға дейін медсақтандыру мәртебесін алуы керек

Қазақстандықтар 31 наурызға дейін медсақтандыру мәртебесін алуы керек

2020 жылдың 1 сәуірінен бастап сақтандырылмаған пациенттер кепілдендірілген тегін медициналық қызмет көлемі шеңберінде ғана медициналық көмек ала алатын болады.
Қазақстандықтар 31 наурызға дейін медсақтандыру мәртебесін алуы керек

Елордада былтырмен салыстырғанда консультациялық-диагностикалық қызметтерді қаржыландыру 3,8 есеге өсті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Жыл басынан бері компьютерлік томография, магнитті резонансты томография, медициналық-генетикалық зерттеулерді қоса алғанда қымбат тұратын зерттеу түрлерін және басқа да зертханалық қызметтерді МӘМС пакеті аясында Қор жеткізуші-медициналық ұйымдар көрсетеді. Пациенттерге жолдаманы учаскелік дәрігерлер, жалпы практика дәрігері немесе салалық маман береді. Нұр-Сұлтан қаласындағы медициналық ұйымдарда республикалық және жеке қызметтерді қоса алғанда медициналық қызметтерді жеткізуші тізіміне енген 17 КТ және 19 МРТ құрылғысы бар», - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Айдар Ситказинов бүгін өткен баспасөз турында.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін шартты түрде сақтандырылған ҚР азаматтарына МӘМС жүйесінде қызмет көрсетіледі және медициналық қызметтерді толық көлемде ала алады.

«2020 жылдың 1 сәуірінен бастап сақтандырылмаған пациенттер кепілдендірілген тегін медициналық қызмет көлемі шеңберінде ғана медициналық көмек ала алатын болады. Ал міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде де медициналық қызметтерді алу мүмкіндігі болуы үшін 31 наурызға дейін сақтандырылған адам мәртебесін алу маңызды», - дейді ол.


06 ақпан 2020 ж. 384 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930