» » Шымкенттік нумеролог коронавирустың емін ойлап тапты

Шымкенттік нумеролог коронавирустың емін ойлап тапты

Шымкенттік нумеролог коронавирустан қорғанудың тың тәсілі туралы айтып бері. Сөзінше, ауыр індетті қарапайым күміс бұйыммен емдеуге болады. Нумеролог күмістен дайындалған төрт бұрышты затты ауырған жеріңізге басса, кез келген сырқаттан құлан таза айығып кетуге болады екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


"Мына төртбұрышпен коронавирусты емдеуге болады. Ол үшін денеңізге оны 21 минут 21 секунд ұстап тұруыңыз қажет. Сол кезде ауру жоқ болады. Бірақ бұл теориялық тұрғыда дәлелденген. Өйткені үш жыл бойы мен үйден шықпадым. Тылсым күштер маған ешкіммен араласпа, кітап оқыма, интернет қолданба деп бұйырды", - нумеролог Әбдіжаппар Шабдырайымов. 

Алайда Әбдіжаппар Шабдырайымов коронавирусқа шалдыққан науқасты кездестірмепті. Айтуынша, егер ұсыныс түсіп жатса, Қытайға барып көруге әзір екен. Нумеролог Джеки Чан ұсынған қомақты ақшаға үміттімін дейді. Еске салайық, әлемге танымал голливуд әртісі Джеки Чан қытайлық індеттің емін тапқан адамға 1 миллион юань (55 миллион теңге) сыйақы беретінін айтқан.

Атап айтарлық жайт, бұған дейін Қытай дәрігерлері коронавирусқа қарсы вакцина ойлап тапқанын жариялаған. Алайда оның клиникалық тәжірибесін бастау үшін біраз уақыт қажет.

Қытайдағы вирус күн сайын өршіп барады. Арты өлімге алып келетін індеттен көз жұмған адамдардың саны 1000-на бір-ақ асты. Ресми деректерге сәйкес, ауруды 43 мыңнан астам адам жұқтырыпты, одан бөлек ауруханадан 3344 адам шығарылыпты. 

stan.kz
11 ақпан 2020 ж. 730 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 186

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031