» » Жамбыл облысы полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды

Жамбыл облысы полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды

ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Жамбыл облысы полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

полицей

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жаңа басшыны жеке құраммен таныстырды.

Сүлейменов Жанат Қуанышұлы 1962 жылы дүниеге келген, ішкі істер органдарында 1980 жылдан бастап қызмет етеді. Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол. Әр жылдары Есірткі бизнесіне қарсы күрес, Криминалдық полиция комитеттерін, Көліктегі, сондай-ақ Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының Полиция департаменттерін басқарды. 2017-2019 жылдары ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.

Арман Молдиярұлы Оразалиев Ішкі істер министрінің бұйрығымен кадр резервіне ауысумен атқаратын қызметінен босатылды.

Еске салайық, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қордай аймағында болған оқиғаларға байланысты бірқатар шенеуніктерді, оның ішінде Жамбыл облысы бойынша полиция басқармасының бастығы А.Оразалиевті, Қордай ауданы полиция бөлімінің бастығы А.Айхимбековті қызметінен босатуды тапсырған болатын.

stan.kz
11 ақпан 2020 ж. 528 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 723

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031