» » WhatsApp жаңа рекорд орнатты

WhatsApp жаңа рекорд орнатты

© REUTERS


WhatsApp жаңа рекорд орнатты. Танымал қосымшаның блогында мессенджерді қолданатындардың саны екі миллиардқа жеткені жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Компания жіберіліп жатқан ақпаратты қорғауға көп көңіл бөлетінін атап өткен. Сондықтан WhatsApp арқылы жіберілген хабарламаның бәрі бірден шифрланады. 

"Хабарлама тек сіздің телефоныңызда сақталады, оны ешқандай үшінші адам оқи алмайды, қоңырауларыңызды тыңдай алмайды, тіпті, біз де. Сіздің жазғандарыңыз өзіңіз бен әңгімелесушінің арасында қалады", - деп жазылған WhatsApp блогында. 

Мессенджер 2009 жылы шыққан, ал 2014 жылы оны Facebook компаниясы 19 миллиард долларға сатып алған. 2017 жылы WhatsApp қолданушыларының саны бір миллиардқа жеткен еді.

kaz.tengrinews.kz
13 ақпан 2020 ж. 310 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 134

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930