» » Мемлекет басшысы Мюнхен конференциясына қатысу үшін Германияға барады

Мемлекет басшысы Мюнхен конференциясына қатысу үшін Германияға барады


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 14-16 ақпан аралығында Қауіпсіздік жөніндегі 56-шы Мюнхен конференциясына қатысу үшін Мюнхен қаласына жұмыс сапарымен барады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.





Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 14-16 ақпан аралығында Қауіпсіздік жөніндегі 56-шы Мюнхен конференциясына қатысу үшін Мюнхен қаласына (Германия) жұмыс сапарымен барады.Сапар бағдарламасы бойынша президент Мюнхен қауіпсіздік конференциясының панельдік пікірталасына қатысады және бірнеше мемлекеттің басшыларымен, халықаралық ұйымдардың, Германияның ірі компанияларының жетекшілерімен, сондай-ақ, академиялық топтардың өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарланған.Аталған іс-шараға 40-қа жуық мемлекеттің басшылары, 100-ден астам сыртқы істер және қорғаныс министрлері, халықаралық қатынастар саласындағы беделді сарапшылар қатысады.Қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясы – ең ірі жаһандық бейресми форумдардың бірі. Конференцияда қазіргі заманның көкейтесті сын-қатерлері мен қауіптері талқыланады", - деді ол.

Еске сала кетсек, кеше Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдап, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жөнінде тапсырма берді.

kaz.nur.kz
13 ақпан 2020 ж. 401 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930