» » "Өлгендер тізіміне қосып қойған": Қарағандыда ресейлік азамат 15 жыл бойы құлдықта жүрген

"Өлгендер тізіміне қосып қойған": Қарағандыда ресейлік азамат 15 жыл бойы құлдықта жүрген

Қарағандыда ресейлік ер азамат 15 жыл құлдықта болған. Ол өзінің "қожайыны" қайтыс болғаннан кейін босап шығыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап. 


құлдық



Салават Қазақстанға әскерден соң Қазақстанға келген. Құжаттарын жоғалтып алған ол досына сеніп, оның ата-анасының үйіне жұмыс істеуге барыпты. Алайда осылайша құлдыққа түсемін деген ой оның үш ұйықтаса түсіне де кірмеген. Ұзақ жылдар бойы азамат тамақ пен ұйықтайтын жер үшін мал бағып, үй шаруаларымен айналысыпты. 

Сөзінше, оның қазақстандық құжаты мүлдем жоқ екен. Ал отанында Салаватты қайтыс болғандардың тізіміне қосып қойған. Тіпті ол туралы куәлік те бар көрінеді. 

"Келмей-ақ қойыңыз, сіз өліп қалдыңыз деп айтты. Менде ол туралы анықтама да бар. Елшілік жіберіпті. 2003 жылы Ресейде мені жерлеп тастаған. Өлгендер тізімінде тұрмын" , - деді Салават. 

Сот арқылы ол өзінің тірі екендігін дәлелдеп шыққан. Дегенмен құжаттарды қалпына келтіру мүмкін болмапты. Қазір ол қолы жеткен жұмысты істеп, күнін көріп жүр екен. Отаныма тезірек қайтсам дейді ер азамат. 

Бұған дейін Алматы облысында ер кісі 20 жылға жуық уақыт бойы құлдықта жүргенін айтқан еді. 

stan.kz
14 ақпан 2020 ж. 311 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930