» » Белгілі заңгер әйелдерді 55 жаста зейнетке шығаруды ұсынды

Белгілі заңгер әйелдерді 55 жаста зейнетке шығаруды ұсынды

Қазақстанда ерлер 63 жаста зейнеткерлікке шықса, әйелдердің зейнет жасы біртіндеп ұлғайып, 2027 жылдың 1-қаңтарына қарай олар да 63 жаста еңбек демалысына шығатын болады. Алайда мұнымен келіспеген белгілі заңгер Камиша Есмұхамбетқызы әйелдерді 55 жасында құрметті демалысқа жіберу керек деп есептейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Замана басылымына сілтеме жасап.

Камиша Есмұхамбетқызы елімізде әйелдердің 55 жастан, ер­лердің 60 жастан бастап зей­нет­керлікке шығуын қамтамасыз етуді сұрайды.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта тіршілік, отбасындағы ұрыс-керіс, алимент өндіре алмау, жалақыны несиеге беру, баспананың жоқтығы сынды мәселелер үлкен қиындыққа әкеліп отыр. Одан бөлек ер адамдардың өмір сүру жасы да төмендеп бара жатыр.

"Қарап отырсаңыз, 40-45 жаста немесе 50-55 жастан аспай ер-азаматтарымыз өмірден озып не болмаса денсаулығы дұрыс болмай жатады. Сондықтан олар да ертерек зей­неткерлікке шығып, үкіметтен үлкен қамқорлық сезінуі тиіс. Осылайша өздерінің тіршіліктерін жасап, тұрмыстық деңгейі мен әл-ауқатын сәл де болса дұрыстасын.

Жарайды, ер-азаматтарымыз физикалық тұрғыда мықтырақ делік. Бірақ әйелдерді 63-інде зейнеткерлікке шығаруға мүлде келіспеймін.

Заңгер ретінде көптеген жағдайларды көріп-біліп жүрмін, қазіргі таңда бізде әйел адамдарда проблема көп. АӘК ала алмай, алса да ақшаны заңсыз алған "алаяқ" атанып, одан қалса, өз құқығын талап ете алмай, тағы басқа да келеңсіз жағдайларда жүргендер өте көп.Енді әйелдердің әлеуметтік жағдайына назар салатын кез келді. Президенттің саясатын қолдаймын, дегенмен төмендегі халықты ойлайтын уақыт туды", - дейді заңгер.

Камиша Есмұхамбетқызының сөзінше, ең алдымен халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту керек. Содан кейін саяси мәселелерді ретімен шешуге болады.

"Мен қиын талап қойып жатқан жоқпын. Арандатушылық жасап жатқан жоқпын. Дегенмен әйелдердің жүзі жадырауы тиіс. Олар қашанғы жоғарыға мұңын айтып, шағымдана береді?", - дейді Камиша Есмұхамбетқызы.

Заңгер халықтың әл-ауқаты көтерілгенде ғана үкіметке сенім күшейіп, құрмет артады дейді. Оның пікірінше, халықтың тыныс-тіршілігін үкімет көтермесе, қарапайым адамдар көтере алмайды.

Еске сала кетсек, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов қазақстандықтардың қандай жағдайда зейнетақысын мерзімінен бұрын алуға болатынын айтып берген еді.

17 ақпан 2020 ж. 382 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930