» » Елімізде 15 балаға бөлінетін 159 мың теңге жәрдемақыны жалғыз отбасы алады

Елімізде 15 балаға бөлінетін 159 мың теңге жәрдемақыны жалғыз отбасы алады

Көпбалалы отбасы Солтүстік Қазақстан облысында тұрады.

Елімізде 15 балаға бөлінетін 159 мың теңге жәрдемақыны жалғыз отбасы алады


Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Біржан Нұрымбетов 15 балаға дейін жәрдемақы көлемінің есептеліп қойғанын мәлімдеді, деп жазады Skifnews.kz.

«Біз осы мәселені қарастырып, сегізінші және одан кейінгі балаларға да жәрдемақыны сараланған түрде төлеу мәселесін қарастырып жатырмыз. Сонда сегіз балаға – 74 000 емес, 85 000, он балаға – 106 000, он бес балаға – 159 мың теңгеден төленетін болады», – деді Біржан Нұрымбетов.

Алайда, қазір елімізде 15 бала тәрбиелеп өсірген жалғыз-ақ отбасы бар екен. Солтүстік Қазақстан облысында тұрады. Аталған 159 мың теңге жәрдемақы сол бір үйге бұйырып тұр.

Сондай-ақ, министр бүгінде Қазақстанда жеті баладан көп баласы бар отбасылар саны шамамен 2500-ге жуықтайтынын айтты.

ernur.kz


18 ақпан 2020 ж. 332 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930