БАНКАМАТТЫҢ БІЗ БІЛМЕЙТІН 16 ҚҰПИЯСЫ
16 цифр, CVC код, EMV-чип, дебеттік карта мен кредиттік карта – күнделікті қолданатын банк карточкасына қатысты өзге де қызықты деректермен таныса отырыңыздар. Банкоматтан ақша алғанда, сауда орталығында немесе мейрамханада есеп айырысқанда, интернет арқылы төлем жасағанда, бәріміз банк карточкасын қолданамыз. Бұл карточканың көмегімен жасалатын әдеттегі қаржы операциялары ғана. Үнемі қолдансақ та, әмиянымызда жататын кішкентай карта туралы не білеміз?
Мұның барлығы әр банктің жеке талаптарына байланысты. Төлем жүйелерінде картаны шығару мен аталған бағытта қызмет көрсетуге қатысты ережелер бар. Ал картаны шығарған банк пен картаны төлемге қабылдаған банк қандай ережені қолданатынын өздері шешеді.
Картадағы EMV-чип алаяқтарға оның көшірмесін жасауға жол бермейді. Ал интернет кеңістігінде картаны виртуальды 3DSecure/SecureCode қорғайды.
Алаяқтардың "құрбаны" болмас үшін, бірнеше қарапайым ережені сақтаған абзал:
· Карточка мен PIN-кодты бөтен адамдарға, тіпті туысқандарыңыз мен жұбайыңызға да бермегеніңіз дұрыс;
· PIN-кодты терген кезде, банкоматтың немесе POS-терминалдың клавиатурасын алақаныңызбен жабыңыз:
· Төлем картасының реквизиттерін, яғни картаның бетіндегі 16 цифрды, қолданылу мерзімін; CVV-код, 3DSecure-код және басқа да идентификаторлар, динамикалық кодтар мен парольдерді ешкімге айтпаңыз;
· Тіпті банк қызметкері телефон шалса да, карточканың реквизиттерін айтуға болмайды. Банк қызметкерлері төлем картасының толық реквизиттерін ешқашан сұрамайды. Егер сізден біреу 16 цифрды немесе динамикалық парольді толық айтуды өтінсе, онда бұл алаяқ болғаны.
Ал кредиттік карта кредит желісінің қағидасы бойынша жұмыс істейді. Яғни сіз банк мақұлдаған кредиттік лимит шегіндегі ақшаны жұмсайсыз. Төлем жасаған кезде, өзіңіздің емес, банктің ақшасын жаратасыз деген сөз. Бұл картаның бір артықшылығы – кредиттік карта бір рет ашқаннан кейін, жаңа қарыз алу үшін банккке қайта өтініш жазудың қажеті жоқ. Бұған қоса, банктердің көбі сізге жеңілдік жасайды, яғни белгілі бір уақыт ішінде кредитті өтеп үлгерсеңіз, сізге процент есептелмейді. Сондай-ақ, кредиттік картаны қолдану кезінде қосымша бонустар немесе кэшбек беріледі.
Картаның бет жағындағы 16 цифр нені білдіреді?
Бұл әрбір карточка үшін өзіндік бірегей идентификатор болып саналады. 16 цифр арқылы карточканың қай елден, қай банктен шыққанын және төлем жүйесін анықтай аласыз.Төлем жасаған кезде ПИН-код әрдайым қажет пе?
Кейбір сауда орталықтарында немесе дәмхана/мейрамханаларда картамен төлем жасаған кезде, ПИН-код талап етілмейтінін талай рет көрген шығарсыз. Жұрттың көбі "карточкам жоғалған жағдайда, оны тауып алған адам ішіндегі ақшасын жаратып жібереді ғой онда" деп алаңдап жатады.Мұның барлығы әр банктің жеке талаптарына байланысты. Төлем жүйелерінде картаны шығару мен аталған бағытта қызмет көрсетуге қатысты ережелер бар. Ал картаны шығарған банк пен картаны төлемге қабылдаған банк қандай ережені қолданатынын өздері шешеді.
Картаның екінші жағындағы CVC коды немесе үш цифр не үшін қажет?
CVV немесе CVC-код – интернетте төлем жасау үшін қолданылады. Бұл өзіндік PIN-код, тек интернеттегі операцияларға арналған. Мұны да төлем картасының басқа реквизиттері сияқты ешкімге жария етуге болмайды.Банк карточкалары алаяқтардан қалай қорғалған?
Картаны алаяқтардан қорғау – өте үлкен әрі күрделі мәселе. Себебі карта алаяқтары әртүрлі болады: интернетте төлем картасының реквизиттерін жинайтындар және картаның көшірмесін жасайтындар. Алаяқтықтың әр түріне қарсы қорғану шаралары бар. Банктер мен төлем жүйелері жыл сайын бұл шараларды жетілдіріп отырады. Әдетте техникалық тұрғыдан карточкалар әжептәуір жақсы қорғалған. Жыл сайын қауіпсіздік деңгейін көтеруге миллиардтаған доллар жұмсалады.Картадағы EMV-чип алаяқтарға оның көшірмесін жасауға жол бермейді. Ал интернет кеңістігінде картаны виртуальды 3DSecure/SecureCode қорғайды.
Алаяқтардың "құрбаны" болмас үшін, бірнеше қарапайым ережені сақтаған абзал:
· Карточка мен PIN-кодты бөтен адамдарға, тіпті туысқандарыңыз мен жұбайыңызға да бермегеніңіз дұрыс;
· PIN-кодты терген кезде, банкоматтың немесе POS-терминалдың клавиатурасын алақаныңызбен жабыңыз:
· Төлем картасының реквизиттерін, яғни картаның бетіндегі 16 цифрды, қолданылу мерзімін; CVV-код, 3DSecure-код және басқа да идентификаторлар, динамикалық кодтар мен парольдерді ешкімге айтпаңыз;
· Тіпті банк қызметкері телефон шалса да, карточканың реквизиттерін айтуға болмайды. Банк қызметкерлері төлем картасының толық реквизиттерін ешқашан сұрамайды. Егер сізден біреу 16 цифрды немесе динамикалық парольді толық айтуды өтінсе, онда бұл алаяқ болғаны.
Дебеттік карта мен кредиттік картаның айырмашылығы қандай?
Бұл мүлде екі түрлі өнім. Дебеттік карта арқылы сіз тек жеке шотыңызда жатқан ақшаны ғана жұмсай аласыз. Яғни бұл сіздің жалақыңыз, стипендия, зейнетақы немесе басқа да кез келген әлеуметтік төлем болуы мүмкін. Және де сіз өзіңіз картаңызға аударған ақша.Ал кредиттік карта кредит желісінің қағидасы бойынша жұмыс істейді. Яғни сіз банк мақұлдаған кредиттік лимит шегіндегі ақшаны жұмсайсыз. Төлем жасаған кезде, өзіңіздің емес, банктің ақшасын жаратасыз деген сөз. Бұл картаның бір артықшылығы – кредиттік карта бір рет ашқаннан кейін, жаңа қарыз алу үшін банккке қайта өтініш жазудың қажеті жоқ. Бұған қоса, банктердің көбі сізге жеңілдік жасайды, яғни белгілі бір уақыт ішінде кредитті өтеп үлгерсеңіз, сізге процент есептелмейді. Сондай-ақ, кредиттік картаны қолдану кезінде қосымша бонустар немесе кэшбек беріледі.