» » Ұлттық банк мәлімдеме жасады

Ұлттық банк мәлімдеме жасады


Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені және пайыздық дәлізді жылдық 12%-бен  +/- 1,5 пайыздық пункт деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.




Сондай-ақ, Ұлттық банк Brent маркалы мұнай бағасының барреліне 60-тан 35 АҚШ долларына дейін өзгеру динамикасына деген өз көзқарасын қайта қарағанын мәлімдеді.

"Осы сәттен бастап, жаңа іргелі жағдайды ескере отырып, Ұлттық банк еркін курс құру және инфляциялық таргеттеу саясатына сәйкес тепе-тең бағытты қалыптастыруға ықпал етуге ниетті. Әлемдік экономикадағы ахуал нашарлаған жағдайда баға тұрақтылығын, елдің валюта нарығындағы және қаржы нарығындағы жағдайды ұстап тұру үшін қосымша шаралардың қабылдануы мүмкін", - делінген мәлімдемеде.

Ұлттық Банкте ішкі қаржы нарығындағы жағдайды одан әрі тұрақтандыру үшін қажетті құралдар бар екенін мәлімдеді.

Егер мұны жағдай талап етсе, сыртқы сектор тарапынан теріс салдарларды тежеу үшін қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттікпен бірлескен және үйлестірілген шаралар қабылданады.

"Ұлттық банк жағдайды мониторингілеуді жалғастыруда және қаржылық тұрақтылыққа қауіп төнген жағдайда да іргелі факторлардың әрекетін көрсетпейтін бағам ауытқуларын түзету құқығын сақтайды", - делінген хабарламада.

16 наурыз 2020 ж. 220 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930