» » Қазақстандықтарға Алматыға кіру және шығу үшін 72 сағат берілді

Қазақстандықтарға Алматыға кіру және шығу үшін 72 сағат берілді

Kyzylorda-news.kz. Алматылықтарға Алматыға оралу үшін, ал басқа қала тұрғындары мен шетелдіктерге оңтүстік астанадан шығу үшін 72 сағат берілді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов мәлімдеді.

Әкім орынбасары азық-түлік нысандарын алмағанда, сауда нысандарының қызметі карантинге байланысты уақытша тоқтатылатынын хабарлады. Азық-түлік пен басқа да қажетті заттарды жеткізу үшін санитарлық өңдеуден өткен транспорт және қызметкерлермен қамтылған жасыл дәліз ұйымдастырылады.

«Қалаға кіру және шығуға, соның ішінде қалаға сырттан кіріп жұмыс істейтін тұрғындарға да тыйым салынған. Қала тұрғындары мен көлік құралдарының қозғалысына шектеу жоқ. Қоғамдық көлік пен метро штатты режимде жұмыс істейді. Жолаушылар санының азаюына байланысты қозғалыс интервалы 20%-ға қысқартылады», – деді Қожағапанов.

Ол алматылықтардың қалаға оралуы үшін, сондай-ақ басқа қала тұрғындары мен шетелдіктердің шаһардан шығып кетуге 72 сағат уақыты бар екенін айтты.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнгі сағат 00:00-де Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге жабылады.
18 наурыз 2020 ж. 312 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930