» » Коронавирус: Қызылорда облысындағы емдеу мекемелері қорғаныс құралдарымен толық қамтылған

Коронавирус: Қызылорда облысындағы емдеу мекемелері қорғаныс құралдарымен толық қамтылған

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу, алдын алу мақсатында аймақтық штаб құрылғаны белгілі.
Бүгінде санитариялық-профилактикалық шаралар кешенді жоспарға енгізілді. Аудан әкімдіктері және аудандық медициналық ұйым басшыларымен селекторлық жиындар өткізілуде.
Облыстағы медицина қызметкерлеріне талдаулар алу, науқастарды оқшаулау және оларға көмек көрсету бойынша нұсқаулықтар таратылған.
Қорқыт Ата әуежайында және облыстың барлық медицина ұйымдарында оқу-жаттығулар өткізіліп, коронавирустық инфекциямен ауыратын және күдікті науқасты анықтау кезіндегі іс-қимыл алгоритмі пысықталды. Облыстың барлық емдеу мекемелері бірінші типтегі костюмдермен, қорғаныс құралдарымен, сонымен қатар қажетті дәрі-дәрмектермен қамтылды.
«Қазіргі таңда облыстағы бір реттік қорғаныш костюм саны – 4243, көп реттік қорғаныш костюм саны – 1283. Бір рет қолданылатын маскалар саны – 39 717. №95 респираторлар саны – 6472. Бір реттік қолғаптар саны – 90 521. Қолды өңдеуге арналған антисептиктер саны – 1177. Аса қауіпті аурумен ауыратын науқастарды тасымалдауға арналған «капсула» камерасы – 1 дана, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының базасында биологиялық қорғаныш костюмі 1 дананы құрап отыр», – деп мәлімдеді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында облысқа 2 млн 901 мың теңгеге дәрі-дәрмек сатып алынды.
Ал, жұқпалы ауруларға 538 төсек орын дайындалған.
20 наурыз 2020 ж. 435 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930