» » БІЗ БІРЛІКПЕН БӘРІН ДЕ ЕҢСЕРЕМІЗ

БІЗ БІРЛІКПЕН БӘРІН ДЕ ЕҢСЕРЕМІЗ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Үндеуінде бәріміздің коронавирустың жаһандық пандемияға ұласқанына куә болып отырғанымызды жеткізді. Тұңғыш Президент өз сөзінде халықты бірлікке шақыруда тәуелсіздіктің алғашқы жылдарына шегініс жасады. Расында Елбасы айтқандай, күрделі болып отырған қазіргі ахуал 1990-шы жылдардың басындағы жағдайға қатты ұқсайды. Елдің ынтымағы мен бірлігінің арқасында сол қиын кезеңнен қалай өтсек, бұл жолы да бізге тәжірибеде бар тәсілді қолдануға тура келеді. Ол – жұдырықтай жұмылып, тек бірлікпен іс қылу.
Қазіргідей жағдайда біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үкімет тарапынан жүзеге асып жатқан шұғыл шараларды қолдауымыз керек. Себебі мұның бәрі қазақ халқының кемел келешегі үшін қабылданған шешімдер екенін біз білеміз. Тұңғыш Президент айтқандай, елдегі қазіргі ахуалға байланысты төтенше жағдайдың жариялануы – маңызды және қажетті қадам.Мақсат жалғыз, ол  – біздің азаматтарымыз бен мемлекетіміздің мүддесін қорғау. Қазақстан халқына Үндеуінде елбасы коронавирус инфекциясының залалын азайту және экономиканы тұрақтандыру жөніндегі арнаулы штаб жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Сондай-ақ азық-түлік пен ең қажетті тауарлардың, медициналық мақсатқа арналған заттардың тапшылығына жол бермеу үшін барлық жағдай жасалып жатқанын да тілге тиек етті. Қазіргідей жағдайда халық көп тұтынатын заттардың тапшылығына жол бермеу маңызды екенін ескерсек, мұның бәрі елдің ертеңі үшін қолға алынған шаралар екенін жете түсінеміз.
Жұпар БАЙМАХАНОВА,
аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы
20 наурыз 2020 ж. 649 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930