» » Ангела Меркель карантинде жатыр

Ангела Меркель карантинде жатыр

Германия канцлері Ангела Меркель COVID-19 вирусын жұқтырған дәрігермен қарым-қатынас жасаған соң карантинге жатқызылды. Бұл туралы канцлердің ресми өкілі Штеффен Зайберт мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жұма күні аталмыш дәрігер канцлерге пневмококк инфекциясына қарсы екпе жасаған болатын. Кейіннен ол коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін тестілеуден өткен, сөйтіп оның қатерлі індетті жұқтырғаны белгілі болды. Бұл жағдай бүгінгі баспасөз конференциясынан кейін канцлерге хабарланды», - дейді Зайберт.
 Оның айтуынша, канцлер тез арада үй карантиніне оқшаулану жөнінде шешім қабылдаған.
 «Ол алдағы бірнеше күн бойы тексеріліп, ұдайы бақылауда болады. Өйткені қазіргі сатыда тестілеу нақты нәтиже көрсетпеуі мүмкін», - деп атап өтті канцлердің ресми өкілі.
Ангела Меркель карантинде жатса да, өзінің қызметтік міндеттерін атқара береді.
23 наурыз 2020 ж. 260 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 134

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930