» » Қатты дауыл шатырды ұшырып әкетті

Қатты дауыл шатырды ұшырып әкетті

Бүгінгі дүлей дауыл Абай даңғылы №31 «А» мекен-жайында орналасқан "Болашақ" университетінің шатырын ұшырып әкетті. Әлеуметтік желі қолданушылары ауа-райының қолайсыздығынан орын алған оқиғаны жаппай таратуда. 
Мәліметтер бойынша зардап шеккендер жоқ.
«Адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына облыстағы төтенше жағдайлар департаментінен 12 адам, 2 техника, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасынан 1 техника, 3 адам шықты», – деп хабарлады облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы.
Таңертеңнен бері алай-дүлей соққан жел әлі де басылар емес. Бұған дейін синоптиктер облыс бойынша желдің ұйытқу қатері 15-30 м/s жететінін хабарлаған еді.
"СБ" ақпарат
24 наурыз 2020 ж. 384 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 026

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30