» » Жасы 65-тен асқан депутаттар Мәжілістің отырысына қатыспайды

Жасы 65-тен асқан депутаттар Мәжілістің отырысына қатыспайды

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы жаңа форматта өтіп жатыр, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
"Бүгінгі жалпы отырыс біршама өзгерген форматта өтіп жатыр. Біздің кейбір әріптестеріміз қатысып отырған жоқ, алайда алаңдаудың реті жоқ, олардың барлығы аман-есен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нұсқауына сәйкес, жасы 65-тен асқан кейбір әріптестерімізге жалпы отырысқа қатыспауға және үйлерінде болуға кеңес бердік», - деді Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин.
Осы орайда ол жиналған депутаттардың саны жалпы отырысты мұндай форматта өткізуге мүмкіндік беретінін жеткізді.
 «Енді жалпы отырыстарға әрбір заң жобасы бойынша тек депутаттар мен негізгі баяндамашылар қатысады. Бұл өз кезегінде залда отырғандарды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының санитарлық нормаларына сай орналастыруға мүмкіндік берді», - деді Нұрлан Нығматулин.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Мәжіліс жұмысының басым бөлігі басқа жұмыс форматына көшеді.
26 наурыз 2020 ж. 423 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 125

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930