» » ДЕРТПЕН КҮРЕСУ БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ

ДЕРТПЕН КҮРЕСУ БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ

Тәуелсіз еліміздің экономикасының дамуына кедергі келтіретін, қоғам дертіне айналған мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлық. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдатып отыр.
Сыбайлас жемқорлық – ұлтымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің халықаралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына елеулі нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс. Сондықтан да онымен күресті тек заң қызметкерлері ғана жүзеге асырады деп ойлау теріс пікір, жемқорлықпен бірлесе күресу баршамыз үшін маңызды. Сыбайлас жемқорлық барлық мемлекеттерде тамырын тереңге жіберген. Сондықтан онымен күрес тоқтаусыз, барынша қатал әрі нәтижелі түрде жүргізілуі тиіс. Ал, онымен күрестің тиімділігін арттыру кез келген мемлекеттің болашағы үшін стратегиялық мәнге ие. Әсіресе, бұл серпінді даму үстіндегі және бәсекеге қабілетті әлем елдерінің қатарына кіруді мақсат етіп отырған біздің еліміз үшін өте маңызды.
Халыққа қызмет көрсетушілер өз қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметін асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау және осы сынды теріс әрекеттің барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады. Сондықтан да мұндай жағдайды болдырмауға, жемқорлықты түбегейлі жоюға қоғам болып атсалысқан абзал.

Өмірбек ЖАҚСЫЛЫҚҰЛЫ,
аудандық қазынашылық басқармасының басшысы
30 наурыз 2020 ж. 432 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 707

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031