» » Ғалымдар коронавирус қандай арақашықтықта тарайтынын анықтады

Ғалымдар коронавирус қандай арақашықтықта тарайтынын анықтады



Қытай ғалымдары коронавирус инфекциясының қандай арақашықтықта тарайтынын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Российская Газета" басылымына сілтеме жасап.
Зерттеу қорытындысы Emerging Infecious Diseases журналында жарияланған.
Баяндама бойынша, коронавирус ауада 4 метр арақашықтықта орнын ауыстыруы мүмкін. Бірақ ғалымдар "індеттің аэрозоль бөлшегі адамға коронавирус жұқтыруы мүмкін бе?" деген сұраққа жауап таппаған.
Қазіргі таңда әлем елдері қауіпті індеттен сақтану үшін 1,5-2 метр арақашықтықты сақтайды. 
Сондай-ақ ғалымдар медицина қызметкерлері аяқкиімінің табаны да коронавирус тасымалдаушысы екенін анықтаған. 
Сонымен қатар, олар COVID-19 вирусы компьютердің тінтуірінде, ауруханадағы қоқыс жәшігінде, төсектің шетінде болатынын анықтапты.
13 сәуір 2020 ж. 386 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 026

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30