» » WhatsАpp видеосұхбатына енді сегіз адамға дейін қосыла алады

WhatsАpp видеосұхбатына енді сегіз адамға дейін қосыла алады

 WhatsАpp арқылы жаппай видеоқоңырау шалу енді бәріне қолжетімді болды. Жаңа өзгеріс iOs және Android-та енгізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ixbt.comсайтына сілтеме жасап.
Әйгілі WhatsАpp мессенджерін жасап шығарушылар командасы қарапайым пайдаланушылар үшін видеоқоңырау шалу кезінде оған қатысушылар санын көбейтті. Соңғы уақытта бұл қызмет түрі желіде көп талқыланған.
Бұған дейін осы функция қосымшаның бета-нұсқасында тесттік режимде қолжетімді болған. Тестілеу өткен аптадан бері жүргізілген.
Енді кеңейтілген лимиті бар WhatsАpp-ты iPhone үшін App Store-дан және Android смартфондары үшін WhatsАpp сайтынан (2. 20.141 нұсқа) жүктеп алуға болады. Бұл жаңалық шыққан уақытта Google Play-де қосымшаның ескі нұсқасы ғана қолжетімді болған.
Жаңарту топтық қоңырауға бұрынғы төрт адамның орнына енді сегіз адамды қосуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл функцияны жасап шығарушылар осындай қоңыраулардың қорғалғанын және шифрланғанын айтады. Бұл ретте барлық қатысушылар WhatsАpp-тың cоңғы нұсқасын пайдалануы тиіс.
Жаңа нұсқадағы ІPhone пайдаланушылары үшін iOS 13 дизайнына сәйкес жаңа интерфейс құрылды, соның ішінде хабарламаларды басқарудың жаңартылған мәзірі пайда болды.
29 сәуір 2020 ж. 244 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 720

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031