Ерлан Тұрғымбаев: "Карантин кезінде Қазақстанда қылмыс 26% төмендеді"
Карантин кезінде Қазақстанда қылмыс 26% төмендеді. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Өзін-оқшаулау және шектеу режимінің кезеңі ел бойынша қылмыс деңгейі 26% - ға төмендеді. Мұндай ерекше режимде полиция мен ІІМ-нің басқа да күштері алғаш рет жұмыс істеді", - дейді ішкі істер министрі Тұрғымбаев."Тәулік бойы жұмыс режимі, бірқатар жағдайларда: үй мен отбасынан алшақтығы, кейде жекелеген азаматтардың түсінбеуі мен ескертулері үлкен психологиялық және физикалық салмақ болды. Бірақ біздің қызметкерлеріміз барлық 78 күн бойы ел басшылығы қойған міндеттерді нақты орындай отырып, қызмет өткеруді жалғастырды", - деген ол блок-бекеттердің алынатынын хабарлады. Оның айтуынша бұл қауіп жоқ дегенді білдірмейді, азаматтардың санитарлық талаптар мен сақтық шараларын одан әрі қатаң сақтау керек.
Карантин кезінде елде 400 блок-бекеттер жұмыс істеген.