» » Қазақстан Қытайға шұбат экспорттауды бастады

Қазақстан Қытайға шұбат экспорттауды бастады

Қазақстанның өнімі алдымен Ланжоу провинациясына, кейін Бейжің нарығына түседі.

Қазақстан Қытайға шұбат экспорттауды бастады


ERNUR.KZ. Қазақстанның «EURASIA INVEST LTD» зауыты Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасының импорттаушылар тізіміне енді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Қазақстанның осы зауыты ҚХР Бас кеден басқармасының импорттаушылар тізіміне ене отырып, Қытайға шұбат экспорттауға мүмкіндік алған.

«Биыл қазақстандық «EURASIA INVEST LTD» зауыты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен ҚХР Бас кеден басқармасының импорттаушылар тізіліміне енді, бұл қазақстандық өндірушілер үшін үлкен жетістік болып отыр. Өйткені ҚХР нарығы біздің қазақстандық сапалы өнім өндірушілер үшін күрделі, бірақ өте перспективалы және де ауқымды нарықтардың бірі болып саналады», - дейді Бақыт Сұлтанов.

Мемлекеттік мекемелермен арадағы ұзаққа созылған бизнес-келіссөздерден кейін «EURASIA INVEST LTD» зауыты Қытайға түйенің құрғақ сүтінен жасалған «Saubota» өнімінің бірінші партиясын жіберген. Қазақстанның өнімі алдымен Ланжоу провинациясына, кейін Бейжің нарығына түседі.

«Компанияның жоспарында ҚХР-ның тағы да 4 провинциясы бар», - деп жазған Сұлтанов. Енді министрлік Қытай тарапы экспорттаудың шығындарын ұсынған кезде, отандық компанияға қолдау ретінде шығынның бір бөлігін өтемек.

04 маусым 2020 ж. 292 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930