» » Алматы облысында карантин режимі қайта күшейтілді

Алматы облысында карантин режимі қайта күшейтілді

Карантин ережесі жеңілдетілген соң тұрғындар бір-бірімен көп араласып кеткен.

Алматы облысында карантин режимі қайта күшейтілді

ERNUR.KZ. Алматы облысы әкімдігінің өкілдері облыстың бас санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетовтың карантин режимін күшейту туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп жазады тengrinews.kz.

"Эпидемия басталысымен Алматы облысында 422 адамнан коронавирус анықталды, бір аптада науқастарың өсімі 4,5 пайыз болды. Карантин күшейтілгенге дейін бұл көрсеткіш 2,5 пайыздан аспаған. Оған себеп - облыс тұрғындары мен бизнес өкілдері негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтамайды, адам көп баратын жерлерде жиналып, қашық сақтамай, маска тақпайды. Облыс бойынша карантин ережесін бұзған 3690 нысан тексеріліп, 720 заңбұзушылық анықталды. Карантин ережесі жеңілдетілген соң тұрғындардың бір-бірімен көп араласып кетті. Осыған байланысты Алматы облысының ведомствоаралық комиссиясы қажет шараларды қарастырып жатыр. Бұл көрсеткіш әрі қарай да өсе берсе, одан да қатаң шараларды қабылдаймыз. Мысалы, бүгін фонтандар жұмыс істеген жоқ, автобус маршруты да қысқартылды", - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы Ғалымұрат Жүкел.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 12694-ке жетті.


08 маусым 2020 ж. 379 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930