» » "Фавипавир" препараты расымен COVID-19-ды емдей ме? Денсаулық сақтау министрлігінде түсініктеме берді

"Фавипавир" препараты расымен COVID-19-ды емдей ме? Денсаулық сақтау министрлігінде түсініктеме берді

фавипиравир

Әлеуметтік желілерде ҚР денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19-ға қарсы 11-ші емдеу хаттамасын жариялағаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті "фавипавир" препаратын COVID-19-ға қарсы емдеудің 11-ші хаттамасына енгізгені туралы ақпаратқа түсініктеме берді.
"Тиімді вирусқа қарсы құралдарды іздеу  COVID-19 пандемиясымен күрес жүргізетін барлық елдің денсаулық сақтауы үшін басым міндет екенін атап өткіміз келеді. COVID-19-ды емдеу үшін пайдаланылатын вирусқа қарсы препараттар эксперименттік және клиникалық зерттеулер шеңберінде қолданылады. Бұрын осы көрсеткіштер бойынша лопинавир/ритонавир және гидроксихлорохин сияқты препараттар пайдаланылды, бірақ клиникалық зерттеулер нәтижелері олардың тиімділігін растамады, бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді. Осы ғылыми деректердің негізінде лопинавир/ритонавир және гидроксихлорохин ҚР ДСМ сапа жөніндегі біріккен комиссиясының 2020 жылғы 15 шілдедегі шешімімен қазақстандық клиникалық хаттамадан шығарылды", - делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта клиникалық хаттаманың 11-ші нұсқасы жоқ, ал ең соңғысы - фавипиравир мен ремдесивир сынды вирусқа қарсы препараттары бар 10-шы шығарылым.
"Осындай қызу пікірталас тудырған фавипиравир туралы айтсақ, ол клиникалық хаттамаға 2020 жылдың 29 маусымында енгізілген және тек стационарлық деңгейде қолданылады. Осы препарат бойынша әлемнің түрлі елдерінде, атап айтқанда АҚШ-та және бірқатар еуропалық елдерде COVID-19 аясында көптеген клиникалық зерттеулер жүргізіледі. Кейбір елдерде алынған зерттеулердің нәтижелері COVID-19-ды емдеу үшін фавипиравирді тіркеуге негіз болды (Ресей, Түркия, Үндістан). Фавипиравир Жапонияда жасалады және 2014 жылдан бастап тұмауға қарсы дәрі ретінде ресми түрде қолданылады, сондықтан бұл препараттың қауіпсіздігі расталды", - деді тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіндегілер.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта қазақстандық клиникалық хаттама үздік халықаралық деректерге сәйкес симптоматикалық және патогенетикалық терапияға екпін жасайды, оны белсенді қолдану хаттаманың соңғы редакциясында амбулаторлық деңгейде ұсынылған, онда парацетамол, ибупрофен, сондай-ақ антикоагулянттарды (ривароксобан, апиксабан, дабигатран) тағайындау көзделген.

19 шілде 2020 ж. 344 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930