» » ҚОҒАМ ДЕРТІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ТОЛАСТАМАУЫ ТИІС

ҚОҒАМ ДЕРТІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ТОЛАСТАМАУЫ ТИІС

Сыбайлас жемқорлық – тек бір ғана елдің ғана емес, қоғам дамуын тежейтін ең қаіпті кесел. Сондықтан оған қарсы күрес шаралары мүлде толастамауы тиіс. Жемқорлыққа қарсы және ол орын алмаған елдің болашағы да жарқын болары анық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу дамудың даңғыл жолына түсуді мақсат еткен мемлекеттің негізгі міндетіне айнауы қажет деуінің де себебі осы. 

Қазақстан да қоғам дертіне қарсы шараларды жүзеге асыруда белсенділік танытып келеді. жер-жерлерде жемқорлықты жою мақсатында түрлі шаралар қолға алынуда. Мұның бәрі мемлекет келешегінің кепілі болмақ. Әсіресе мұндай олқылыққа мемлекеттік қызметкерлер бой алдырмауы тиіс. Себебі халықтың қажетіне қызмет ететін орында жемқорлықтың орын алуы ең қауіпті құбылыс.
Жемқопрлықпен күресудің және оны жоюдың ең оңай бір тәсілі бар. Кез келген адам бұл қауіпті індеттің елдің дамуына нұқсан келтіретінін шын түсінсе, және оған еш аяқ баспаса, жемқорлық өздігінен түбегейлі жойылар еді. Әрбір қазақстандыққа осыны түсінетін уақыт жеткен сыңайлы. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлықпен күресуші органдардың да жұмысын едәуір жеңілдетер еді.
Жалағашта да аталған індетке қарсы шаралар қарқынды жүруде. Себебі өңірдің дамуына кері әсерін тигізетін қауіпті құбылысқа бәріміз қарсымыз. Еліміз өркендеп, аймағымыз абаттанып, аудан әлеуеті арта бесін десек, жемқорлыққа қарсы шараларда жұмыла іс қылғанымыз абзал.

Өмірбек ЖАҚСЫЛЫҚ, 
аудандық қазынашылық басқармасының басшысы   

03 тамыз 2020 ж. 880 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 692

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031