» » КӨҢІЛДІ ЖҮРУДІҢ КІЛТІ

КӨҢІЛДІ ЖҮРУДІҢ КІЛТІ


Өмірде не болмайды, алайда көңілді жүру – алдағы сәттіліктің жаршысы бола алады. Сондықтан не болса соған ренжудің қажеті жоқ. Бастысы – өз көңіліңізді өзіңіз көтере біліңіз. Олай болса біз сіздермен көңілді жүрудің 10 құпиясымын бөлісеміз.

1. Үнемі көңілді жүру үшін өзіңізді бақылап үйреніңіз. Болмайтын нәрселерге ренжіп, жақындарыңызды ренжітпеңіз. Көңіліңізді қалдырған адамдарды кешіре біліңіз. Сол арқылы өзіңізге зиян әкелетін жек көрушілік, кек қайтару деген жаман ойлардан арыласыз.
 2. Кез келген нәрсеге әзілмен қараңыз. Достарыңыздың арасында күлкі сыйлап жүріңіз. Көпшіліктің арасында ыңғайсыз жағдайға қалсаңыз да, жұрттың назарын әдемі күлкіңізбен, жымиысыңызбен жеңесіз. Күліп жүрсеңіз, қиындықтан да оңай құтыласыз. Іштей жақсылыққа сенсеңіз, солай болары сөзсіз.
 3. Айналаңызда болып жатқандардан түңіліп, үйде отыра бермеңіз. Көшеде, достарыңыздың, таныстарыңыздың арасында көңіліңіз бөлініп, көңілсіздіктен құтыласыз.
4. Күнделікті күйбең тіршілігіңізге жаңалық енгізіп отырыңыз, өзіңіз өзгеріңіз. Жаңа іспен айналысыңыз, бір нәрсе үйреніңіз немесе киім кию стиліңізді өзгертіңіз. Сізде болған өзгерістер үшін жақындарыңыз бен достарыңыз жақсы пікірлерін білдірсе, сіздің де қуанып қаларыңыз сөзсіз. Сіз жүрген ортаның өзіңізге ерекше назар аударуы көңіл-күйіңізге әсер етпей қоймайды.
5. Үнемі жақсы нәрселерді ойлап жүріңіз. Тіпті ауыр жұмыс үстінде де сүйіктіңізбен кездесуды, достарыңызбен көңіл көтеруді ойлаңыз. Қиялға берілуге хош иісті шырақтар, әсіресе мандарин, апельсин, лимон, грейпфрут иістері жақсы көмектеседі.
6. Біруақыт жүзумен айналысыңыз. Жүзу – денені демалтады, денсаулыққа пайдалы, көңіл-күйге жақсы әсер береді.
7. Алдағы мақсатыңызды бағдарлаңыз. Бір сәтке алдағы күндеріңіздің қалай болатынын, атқарылуы тиіс жұмыстарды түгендеп, алдыңызға қойылған мақсаттарға ұмтылысыңыздың айқындығын анықтап алыңыз. Үй тазалағанда неден бастау керек екенін жақсы білетіндігіңіз сияқты, арманыңызға жақындатар жолыңыз да сізге анық болады.
8. Өмірге жеңіл қараңыз. «Ондай менде болу қайда» деген ойдан арылыңыз. Кішкентай жетістіктеріңізге қуана біліңіз. Солардың өзі үлкен бақыттың бастауы болуы мүмкін. Өмірде бәрі оңай, тек шыдам керек.
9. Үнемі қозғалыста болыңыз. Бүгін мұңайсаңыз, ертең қуанасыз. Бір күннің қайталанбауы да, қайталануы да өзіңізге байланысты. Сондықтан мұңайып, жатып алмаңыз.
10.Жоғарыда атылғандай, көңіліңізді түсірген жағдайларды тез ұмытыңыз. Көңіл-күйіңіз жоқ па, жақсы музыка тыңдаңыз, үй жинаңыз, сүйікті ісіңізбен айналысыңыз немесе кино көріңіз.
11.Есіңізде болсын: өзіңіздің көңіл-күйіңізге өзіңіз ғана жауаптысыз!

12 наурыз 2018 ж. 1 685 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930