» » Қазақстанда Беларусь, Украина, Германия және Араб әмірліктеріне ұшатын әуе рейстері жанданды

Қазақстанда Беларусь, Украина, Германия және Араб әмірліктеріне ұшатын әуе рейстері жанданды

ұшақ

Ведомствоаралық комиссияның шешімімен 17 тамыздан бастап Қазақстан 6 бағыт бойынша 4 елге халықаралық ұшуларды кезең-кезеңімен қалпына келтірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті. 
"Қазақстандықтар енді Беларусь, Украина, Германия және Араб әмірліктеріне ұша алатын болды. Ал Египетке рейстерді ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінен бастап Алматы – Шарм-эль-Шейх бағыты бойынша қайта жалғасады деп жоспарлануда", - дейді министрліктің баспасөз қызметі. 
2020 жылдың 27 тамызынан бастап Қазақстан мен Түркия арасындағы тұрақты жолаушылар рейстеріне шектеулер алынып тасталды. 
Ұшу көліктегі бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес санитарлық қауіпсіздіктің жоғары шаралары жағдайында орындалады.
Еліміздің барлық әуежайларда дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу бойынша іс-шаралар күшейтілді, қолды санитарлық тазарту қондырғылары орнатылды, карантин шаралары сақталуда (маскалар мен қолғаптарды міндетті түрде кию). Ғимаратқа кіре берісте жолаушылар мен әуежай қызметкерлерінің байланыссыз термометриясы жүргізіледі.

25 тамыз 2020 ж. 161 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930