» » Қазақстанда темекі қымбаттайды

Қазақстанда темекі қымбаттайды

Фото: iStock


Қазақстанда темекі өнімдерін сатудың жаңа шарттары 1 қазаннан бастап күшіне енеді. Осыған байланысты темекі белгіленген мерзімінен бұрын қымбаттайды, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Телеарна мәліметінше, жаңа таңбалау жүйесіне байланысты темекі өнімдері алты пайызға қымбаттайды. Егер қазір бір қорап темекі орташа есеппен 440 теңге болса, 1 қазаннан бастап 470 теңге болады.

Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері цифрлық таңбалау тауардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін, сондай-ақ контрафактінің қазақстандық нарыққа енуіне жол бермейтінін атап өтті. 

Сондай-ақ, дереккөз мәліметінше, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап бір қорап темекі орташа есеппен 500 теңге, тағы жарты жылдан кейін - 520 теңге болады. Ал 2023 жылға қарай оны 600 теңгеге сатып алуға болады. Бұл таңбалаумен емес, акциздік ставканың өсуімен байланысты дейді.


kaz.tengrinews.kz
18 қыркүйек 2020 ж. 496 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930