» » Димаш Құдайберген АҚШ-тың MTV арнасында бейнебаяны қазақ тілінде шығатын алғашқы қазақстандық атанды

Димаш Құдайберген АҚШ-тың MTV арнасында бейнебаяны қазақ тілінде шығатын алғашқы қазақстандық атанды

Димаш Құдайбергеновтың бейнебаяны MTV USA арнасында шығады, ол қазақ тілінде әні шырқалатын Қазақстанның алғашқы әртісі болмақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Dimashnews.com-ға сілтеме беріп.

Димаш

Бейнебаянды MTV USA арнасында, ал АҚШ-тан тыс көрермендер үшін MTV-дің ресми YouTube арнасында көруге болады.

"Мен бүкіл әлемдегі шығармашылығымның жанкүйерлеріне осыған қолжеткізуіме көмектескені үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді. Менің қымбаттыларымның тек Қазақстаннан ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінен баға жетпес қолдауының арқасында  балалық армандарымның бірі іске асты. Мен өте қуаныштымын, Сіздерге деген алғысым шексіз", - деді Димаш.

Видео 2 қазан, жұма күні сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін Нью-Йорк уақыты бойынша (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 03.00-ден 06.00-ге дейін) жарияланады. Бұл Америкадағы арнаның ең көп адам көретін уақыт боп саналады.
01 қазан 2020 ж. 201 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 033

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30