» » Дина Төлепберген: Мен медианы имамдарға үйретпекке барам

Дина Төлепберген: Мен медианы имамдарға үйретпекке барам

Дина Төлепберген медиа ілімін имамдарға үйретпек. Тележүргізуші бұл сабақтың өз тарихында алғаш екенін мойындады.


"Жүрегім дүрс-дүрс. Биіктен қорыққаннан емес. Уайымнан. Мен медианы имамдарға үйретпекке барам.

Бұрын-соңды оларға мұндай тренингтер өтпеген. Менің де имамдардан сұқбат алғаным болмаса, оқытып көрген емеспін.

Залға адамдар жинала бастады. Тренинг 09.00 басталуы керек. Ал қазір 08.25. Бұл заманда уақытынан ерте келетін адам бар екен ғой таң қаламын. 08.55 зал лық толы. Шын, менің менторлық тарихымда мұндай болған емес. Кешігу қанға сіңіп кеткен әдет деп едім, қателесіппін.

Ал танысайық. Түркия, Мысыр, Ливия, Ресей, Татарстанда оқып, магистратурасын жалғаған ағаларым екен. Ойы терең. Сөзі салмақты. Медианы тануға деген құлшынысы мықты! Білгенімді беруге тырыстым. Енді әлеу желіде сапалы діни контент көбеер...

Қысқасы, Абай мұражайына кіре алмасам да ( жөндеуде екен), Абайдың атын ардақ тұтып, ұқсап баққа талпынғандарды көрдім. Имамдарымыздың бәрі Семейліктер секілді сері болса ғой шіркін, жат ағым жанымызға жолай алмас па еді бәлкім", деді тележүргізуші.

Ол Семейге сапарлады. Желідегі оқырман Семейдің киелі жер екенін айтты.
05 қазан 2020 ж. 338 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 134

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930