» » Депутаттар Батыс Қазақстанда төрт ауылды жою туралы шешім қабылдады

Депутаттар Батыс Қазақстанда төрт ауылды жою туралы шешім қабылдады

Жергілікті билік 50-ден аз адам тұратын шағын елді мекендерді дамыту экономикалық жағынан тиімсіз деп есептейді.

Депутаттар Батыс Қазақстанда төрт ауылды жою туралы шешім қабылдады


ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында төрт елді мекен жойылады, мұндай шешімді мәслихат депутаттары қабылдады, деп жазады sputnik.kz.

Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында орналасқан Сүттігенді, Жаңаауыл, Тасаншеген, Қарабас ауылдары өңірлік мәслихаттың 2020 жылдың 30 қыркүйегіндегі шешімімен таратылады.

Ашық дереккөздердің мәлімет бойынша бұл елді мекендерде 50-ден 100-ге дейін адам өмір сүрген (2009 жылғы санақ деректері).

Бұған дейін мұндай шешім Шығыс Қазақстан облысында қабылданған, онда экономикалық тұрғыдан болашағы жоқ деп танылған сегіз ауыл жойылды. Ал Қостанай облысындағы ауылдардың саны бесеуге азайды, ол елді мекендерде 50-ден аз адам тұрған. Солтүстік Қазақстан облысында 97 ауыл жойылуы тиіс.

Жергілікті билік шағын елді мекендерді жою туралы шешімді оларда қажетті инфрақұрылымның жоқтығымен және оларды дамыту экономикалық тұрғыдан тиімсіз екендігімен байланыстырып отыр.

07 қазан 2020 ж. 297 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930