» » Түркістандық мұғалімдер мен дәрігерлер шетелде білімін жетілдіреді

Түркістандық мұғалімдер мен дәрігерлер шетелде білімін жетілдіреді

Шетелде білім алуға арналған тесттің алғашқы кезеңі өтіп, оған өтінім білдірген 40-қа жуық азамат қатысты.

Түркістандық мұғалімдер мен дәрігерлер шетелде білімін жетілдіреді


Түркістандық педагогтар мен медицина мамандары тест тапсырды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласы мұғалімдері мен облыс дәрігерлері білімін шетелде жетілдіру үшін тест тапсырды. Шаһар басшысы Рашид Аюпов "Тамыз конференциясы" кезінде 100-ге жуық қызмет етіп жүрген мұғалім, дәрігерлердің шетелде тегін оқуына мүмкіндік болатынын айтқан болатын. Дегенмен, қанша азамат баратыны өтінім тапсыру және тест нәтижесі бойынша белгілі болады.

Осы мақсатта, шетелде білім алуға арналған тесттің алғашқы кезеңі өтіп, оған өтінім білдірген 40-қа жуық азамат қатысты. Алғашқы кезең, яғни қазақ тілі бойынша өткен тест нәтижесі апта ішінде белгілі болады. Сүрінбей өткендер құжаттарын дайындап, bolashak.gov.kzсайты арқылы психологиялық тест пен онлайн тілдесу кезеңдерінен өтеді. Жалпы, соңғы нәтиже қараша айының соңында белгілі болады деп жоспарланған. Мұғалімдер Ұлыбританияның Лестер университетіне 4 айға оқуға барса (ielts 5.0), медицина өкілдері Израильге екі топқа бөлініп 3 ай оқуға барады. Айта кетерлігі, оқу ақысы "Болашақ" грантын жеңіп алғандықтан тегін болады. Дәрігерлер 3 ай оқуға екі топқа бөлініп барады. Бірінші топ 10 қаңтар-10 сәуір, екінші топ 15 сәуір-15 шілде аралығында білімін жетілдіреді.

ernur.kz

13 қазан 2020 ж. 206 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 720

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031