» » Цой ПТР-тестің бағасы қанша теңге дейін төмендейтінін айтты

Цой ПТР-тестің бағасы қанша теңге дейін төмендейтінін айтты

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда ПТР-тестілеу бағасы қанша теңгеге дейін төмендейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

птр тест

"Қазір болжам бойынша қарап отырмыз. Шамамен 11 мың теңгеден 8900 теңгеге дейін төмендеуі тиіс. Бұл есептеулер қазір жүргізіліп жатыр, оларды тікелей салалық қауымдастықтармен, "Атамекенмен" пысықтап жатырмыз", - деді министр ОКҚ онлайн-брифингінде.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусты анықтайтын тест құнын төмендетуді тапсырған еді.

"Зертханалар желісінің кеңеюіне және бүкіл әлемде тестілеу құнының төмендеуіне қарамастан, бізде бағалар жоғары болып отыр - 10-нан 18 мың теңгеге дейін. Бұл халықтың едәуір бөлігі үшін қолайсыз сома деп ойлаймын", - деді президент 7 қазанда коронавирустық пандемияның екінші толқынына дайындық жөніндегі кеңесте.

Еске сала кетейік, Қазақстанда ПТР тестілеудің бағасы бір айдың ішінде арзандайды.

stan.kz
14 қазан 2020 ж. 267 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930